SGS институты Samsung дисплейлерінің жетекші халықаралық стандарттарға сай екенін растады.
Теледидар мен дисплейлердің даму тарихы 100 жыл бұрын басталған. Бір кездері революциялық технология өндірісіндегі прогресс «қораптар» түріндегі көлемді теледидарлардан бастау алып, бейнелерді адам жанарының дәлдігімен беретін бірегей, бірақ әлі жаппай шығарылмаған NanoLED дисплейлеріне дейін ұзақ жолды жүріп өтті. Ең маңызды заманауи теледидар бейне контентін жоғары сапалы тарату үшін жетілдірілген кванттық нүктелік дисплейлерді пайдаланатын QD-LED болды.
Қоғамдағы осындай жылдам прогресс және одан кем түспейтін бірдей жылдам танымалдылыққа байланысты бұл технологияны қолданк адам мен табиғат үшін қаншалық қауіпсіз деген сұрақ туындай бастады. Мысалы, 2003 жылы Еуропалық Одақ электр жабдықтарында қауіпті элементтерді қолдануға тыйым салатын қауіпті заттарды шектеу (RoHS) директивасын қабылдады. Бұл мәселе әсіресе жоғарыда айтылған кванттық нүктелік дисплейлерді ойлап табу кезінде өзекті болды, өйткені зиян кадмийсіз өндіру мүмкін емес сияқты көрінген еді.
Осыған байланысты көптеген теледидар өндірушілері тұтынушылардың барлық қажеттігін қанағаттандыра алатын қауіпсіз технологияларды жасауға ұмтылып жатыр. Бұл саладағы алдыңғы қатарлы компания Samsung болды. Осылай, жақында ең беделді сертификаттау институттарының бірі, Швейцарияда орналасқан Société Générale de Surveillance (SGS S.A.) Samsung QD теледидарларында қолданылатын кванттық нүкте қабатын RoHS стандартына сай келеді деп таныды. Бұл компания теледидарын күнделікті көру қауіпсіз екеніне кепілдік береді. Институт QD теледидарларында денсаулыққа қауіпті кадмий жоқ екенін де айтып өткен.
Samsung-тың Quantum Dot теледидарлары қауіпті заттарды (RoHS) шектейтін қауіпсіз технологиямен жасалған. SGS сертификатына қол жеткізу өнімдеріміздің қауіпсіздігін толығымен растайды. Осы мойындау арқылы біз тұрақты дисплей технологияларын үздіксіз дамытуға міндеттенеміз, — деп SGS сертификатын алу туралы Samsung Electronics дисплей шешімдері бизнесінің атқарушы вице-президенті Тэён Сонг пікір айтты.
Осы мол тәжірибе мен технологиялық жетістіктер арқасында Samsung құрамында зиян заттар жоқ материалдардан жасалған қауіпсіз кванттық нүктелі теледидарлар дәуірін бастады.
Қазіргі уақытта Samsung-та кванттық нүктелерді қолданатын қауіпсіз теледидарлардың кең ауқымын ұсынады: Neo QLED 8K, Neo QLED 4K и QLED 4K.
Жаңа Neo QLED AI теледидарларында кейінгі экологиялық таза өндіріс тәсіліне қоса, үш негізгі салада теледидар көру тәжірибесін өзгертетін қуатты ЖИ базасындағы процессорлармен жабдықталған : AI суреті, AI дыбысы және AI оңтайландыруы. Жаңа процессорлар арқасында қооданушыларға кескін мен дыбыстың параметрлері, режимдері және басқа да параметрлері туралы алаңдаудың қажеті жоқ — мұның бәрі AI технологиялары арқылы жасалады да, көрерменге жай бейне контентін тамашалауға мүмкіндік береді.
Мысалы, NQ8 AI Gen3 процессоры арқылы жетілдірілген Samsung Neo QLED 8K ажыратымдылығы төмен контентті автоматты түрде масштабтайды. Бұл қолданушыға контентті 8K форматында көруге мүмкіндік береді және жылдам қозғалатын кескіндердің анықтығын арттырады. Samsung Neo QLED 8K экрандағы диалогты жақсарту үшін дауыс пен фондық шуды талдау үшін жасанды интеллект қолданатын Active Voice Amplifier Pro функциясымен де қуантады.
Осының арқасында қолданушы стадионның немесе кинотеатрдың алдыңғы қатарында отырғандай әртүрлі контентті тамашалайды. Бұған қоса Samsung Neo QLED 8K ойын-сауық тәжірибеңізді жақсарту үшін кейінгі қолданбалар, қызметтер, жекелендірілген контент және қызмет ұсыныстары алдын ала кіріктіріліп қойған Tizen OS Home операциялық жүйесімен жабдықталған.