Басты бетЖаңалықтарҚазақстан президенті Таиланд пен Мьянма премьер-министрлеріне көңіл айтты

Қазақстан президенті Таиланд пен Мьянма премьер-министрлеріне көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд пен Мьянма премьер-министрлеріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты, – делінген хабарламада.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәтіндегі көңіл айту жеделхатын Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға да жолдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Таиланд пен Мьянмада жойқын жер сілкінісі болып, ғимараттар қираған. Әзірге қаза болғандар саны нақты емес. Іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да