Жамбыл облысында тағы жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Жамбыл облысының Меркі ауданында жер дүмпуінің қуаты 5 балл, Құлан ауылында 4,4 балл, Шу қаласында 2 балл, Төле би, Сарыкемер ауылдарында 2,5 балл болған.
Жер сілкінісі Жамбыл облысында сезілген. Есептік қарқындылығы нақтыланып жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.