Басты бетЖаңалықтарАлматыда әуежайында SCAT рейсі 10 сағаттан астам кешіккен

Алматыда әуежайында SCAT рейсі 10 сағаттан астам кешіккен

Алматы халықаралық әуежайында Алматы-Пхукет бағытындағы рейс кешікті. SCAT баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.

Желідегі мәлімет бойынша, Алматы-Пхукет бағытындағы SCAT компаниясының 5235 рейсі сағат 01:35 ұшуы керек болған. Бірақ рейс уақыты алдымен 05:05-ке, кейін 06:10, 08:00-ге бірнеше рет шегерілген.

Ұшу алдындағы дайындықты жүргізу кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттігі анықталды. Күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар беріледі. Әуе компаниясы кешіккен рейстің жолаушыларынан кешірім сұрайды, — деп хабарлады әуе компаниясынан.

Сонымен қатар SCAT жауабына сәйкес, қазір бұл рейс бойынша жолаушыларды отырғызу жүргізіліп жатыр. Ұшақ 20 минут ішінде жолға шығады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да