Алматыдан Вьетнамға шыққан Air Astana ұшағы қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған.
Air Astana жауабы бойынша, 28 наурызда Алматы—Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонған.
Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15–те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.