Алматыда бір күнде 400-ден астам мопед тіркелді. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Кеше Алматыда 4 807 мопед тіркелген еді. Бүгін олардың саны 5 276 болды. Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды. Дегенмен Алматы қаласының полиция департаменті әлі де тіркелмеген көліктер иесіне ескерту жасады.
Науқанның аяқталуына 7 күн қалды. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы бойынша жауапқа тартылады, — делінген хабарламада.