Атырау облысында Жылыой ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап, өлтіріп кетті. Күдікті қамауға алынды.
Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
ПД Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады. Оқиға кеше, 27 наурызда түс қайта болған.
Құлсары қаласындағы адам өлтіру дерегіне байланысты кешенді тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасаған 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.
Кейбір дерекке қарағанда, күдікті Шоқпартоғай ауылында тұрған. Оның бұрынғы әйелі аудандық емханада жұмыс істеген. Күдікті емханаға келіп, бұрынғы әйелін пышақтаған. Ер адам қашып кетуге оқталған.