Басты бетЖаңалықтарТүркиядағы наразылық: 1 900-ге жуық адам ұсталды

Түркиядағы наразылық: 1 900-ге жуық адам ұсталды

Түркияда 19-25 наурыз аралығында жаппай наразылықтар кезінде 1 879 адам ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеп отыр.

Министрдің айтуынша, ұсталғандардың 260-ы сот процесін күтіп қамауда отыр, 662 адамның істері сот қарауында, ал 489 адам босатылған. Барлық наразылық білдірушілер құқық қорғау органдарына қарсылық көрсеткені үшін ұсталған.

Жаппай наразылықтар барысында 150 полиция қызметкері жарақат алған. Елде көпшілік жиналыстар өткізуге салынған тыйым 1 сәуірге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, Түркияда Ыстамбұл мэрі және оппозиция жетекшілерінің бірі Экрем Имамоглу ұсталып, кейін қамауға алынған соң жаппай наразылықтар басталды.

Ыстамбұлда жиналыстар мен митиңдерге тыйым салынғанына қарамастан, елдің бірнеше провинциясында наразылықтар өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да