Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Толқын орта мектебінің 11 класс оқушысы  Санжар Қуандық ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл — үлкен еңбектің, талмаған ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі — ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол, — дейді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Мектеп ұжымы да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Exit mobile version