Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Жер сілкінісін сейсмикалық стансалар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 03:42–де тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің күші 5-тен 2 балға дейін сезілген.

Атап айтқанда, Меркі ауылында – 5 балл, Құлан ауылында – 4 балл. Шу және Тараз қалаларында, сонымен қатар Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса және Мойынқұм ауылдарында 2 балдық дүмпулер сезілген.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да