Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы жұмыс істейді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5%-і, — делінген хабарламада.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:

  • құрылыс саласында – 5 052 адам;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам;
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам;
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам;
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 945 адам;
  • Үндістан – 1 169 адам;
  • Түркия – 1 165 адам;
  • Өзбекстан – 1 056 адам.

2025 жылы республикаға шетел мамандарын тартуға жалпы квота елдегі жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да