Басты бетЖаңалықтарБиыл қанша этникалық қазақ қандас статусын алды?

Биыл қанша этникалық қазақ қандас статусын алды?

2025 жылы 2 185 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек министрлігі хабарлап отыр.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 150 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 46,4% — Қытайдан, 41% — Өзбекстаннан, 7,1% — Түрікменстаннан, 1,9% — Ресейден, 1,6% — Монғолиядан және 2% басқа елдерден, — делінген хабарламада.

Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,8%, кәмелетке толмағандар 30,8% және зейнеткерлер 8,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,8%-і жоғары білімді, 30,7%-і орта кәсіби білімді, 50,8%-і жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адам. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 389 қандас қоныс аударды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да