Басты бетЖаңалықтарҚар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды

Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» еріген қар суына байланысты жолдардағы жағдай туралы дерекпен бөлісті.

2025 жылғы 27 наурыздағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда бұл:

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 техника мен 65 маман жұмылдырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да