Басты бетЖаңалықтарАлматыда мыңдаған вейп сақталған қойма табылды

Алматыда мыңдаған вейп сақталған қойма табылды

Алматыда мыңдаған дана вейп сақталған қойма табылып, полиция қызметкерлерінің көмегімен жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі – қойма иесі.

Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электрон темекі тәркіленді. Ұсталған қойма иесінің сөзіне қарағанда, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған. Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды, — деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да