ҰБТ тапсыру кезінде ережеге қайшы іс-әрекет жасаған 121 талапкердің тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлап отыр.
Талапкерлердің 43-і тыйым салынған заттарды тестілеуге алып кіруге тырысқан.
55 талапкер тестілеу кезінде ережелерді бұзған. Ал 23 адамның сертификаттары тестілеудің бейнежазбаларын тексеру нәтижелері бойынша жойылды, — деп хабарлады орталық.
Наурыз айы басталғалы бері 88 мыңға жуық талапкер тест тапсырды. Қатысушылардың 72%-і шекті балдан асқан. Орташа балл 65, ең жоғары балл – 139 балл болды.