Басты бетЖаңалықтарАлматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз сауда нысаны мен 16 күш өлшеуіш бұзылды

Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз сауда нысаны мен 16 күш өлшеуіш бұзылды

Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) мен 16 ойын автоматы (силомер) бұзылды.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Атап айтқанда, Бекмаханов көшесі, 88в мекенжайындағы, сонымен қатар Жас Қанат шағынауданы, 287/2 және 189, Жұлдыз шағынауданы, 55/3 мекенжайларындағы заңсыз дүңгіршектер сүрілді.

Бұл жұмыс Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен басталған заңсыз орнатылған СЕСН-ді жою науқаны аясында жүзеге асырылып жатыр.

Көктем келді, бәріміз қаламызды таза, көркем әрі гүлденген күйде көргіміз келеді. Дүңгіршектер мен күш өлшеуіштердің ретсіз орналасуына жол бермеу керек. Олардың заңдылығын тексеру мен реттеу – дұрыс шешім, – дейді Алматы тұрғыны Айтолқын Толғанай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да