Басты бетЖаңалықтарАлматыда АҚШ-тың бас консулдығын салу үшін жер бөлінеді

Алматыда АҚШ-тың бас консулдығын салу үшін жер бөлінеді

Алматыда АҚШ-тың бас консулдығын салу үшін жер бөлінеді. Сыртқы істер министрлігі жалға берілетін жердің ақысын жариялады.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, бұрын Американың бас консулдығы Алматыда үш жерде отырған. Бөлімшелерге өзара жұмыс істеу қиындық тудырған. Сосын мамандар отырған жерлері сейсмикалық талаптарға сай емес екенін айтқан.

Олар барлық бөлімшені бір жерге біріктіріп, бірыңғай кешен құрамыз деп отыр. Сондықтан оларға жер беріледі, — деді Ақан  Рахметуллин.

Оның айтуынша, бас консулдықтың жаңа кешеніне жалға берілетін жер үшін 49 жылға 25 млн 301 мың доллар көлемінде ақы алынады.

Бұл ақша бірден төленеді. Сосын қандай да бір қосымша шешімдер болмаса, әрбір 49 жыл сайын ұзартылады, — деді министрдің бірінші орынбасары.

Бүгін мәжіліс депутаттары Алматы қаласында АҚШ-тың консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялады. Ол жерде консулдық ғимарат қана емес, мектеп пен балабақша, сонымен қатар спорт кешені салынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да