Бүгін таңғы 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
Ақтөбе облысында «Қандыағаш—Ембі-Шалқар—Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы—Ембі қаласы) жабылды.
Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы) жол қозғалысы щектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) жол жабық.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 техника мен 57 маман жұмылдырылды.