«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 наурызда елімізде ауа райы қандай болатынын жариялады.
26 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне қарай еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар батыста, оңтүстікте, шығыста жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.