Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығы үндеу жариялады

Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығы үндеу жариялады

Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығы Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады.

Консулдық Түркияда тұратын азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Мәтінде халық көп жиналатын жерлерден аулақ болуға, шерулер мен митиңдерге қатыспауға шақырған.

Қазақстанның Түркиядағы консулдықтарының жедел желі телефондары:

  • Анкара: +905352734496
  • Ыстамбұл: +905012621465
  • Анталия: +905394400522
  • Измир: +905530998789

Айта кетейік, Түркияда наразылықтар күшейіп, полиция мен демонстранттар арасында қақтығыс болып жатыр. Басты себеп — Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлудың тұтқындалуы. Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сайлаудағы негізгі қарсыласы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да