“ҚазАвтоЖол” еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеп отыр.
Дерекке қарағанда, 21 наурыз күні сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан екі облыстағы екі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
«Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымы.
Барлық учаскеде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 техника мен 142 маман жұмылдырылды, — делінген ақпаратта.