Басты бетЖаңалықтарҰлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза болды

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза болды

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші қаза болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жазатайым оқиға Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде болды.

№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында қаза болды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза болған жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажет көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да