Басты бет Жаңалықтар Ел аумағында су тасқынымен күресу үшін 360 техника дайындалды

Ел аумағында су тасқынымен күресу үшін 360 техника дайындалды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
«Қазсушар» кәсіпорнының облыстық филиалдары су тасқынымен күресу үшін 360 техника дайындап қойды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінде су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Бұдан бөлек, 32,7 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды және гидротехникалық нысандардың 200 шақырымнан астам кірме жолдары қардан тазартылды.

Министрлік «Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін үкіметтің қолдауымен 757 бірлік техника мен көлік сатып алуды бастады. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдарына 200-ден астам техника жеткізілді.

Техника және инертті материалдар қоры төтенше оқиға туындаған жағдайда қажет. Барлық су шаруашылығы нысандарында «Қазсушар» мамандары тәулік бойы кезекшілік жүргізеді және су қоймалары мен өзендердегі су деңгейін бақылап отыр. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері еліміздің бірқатар облысында 1 147 шақырым каналды механикалық тазалап, 230 гидротехникалық құрылысты жөндеді, — деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Exit mobile version