«ҚазАвтоЖол» Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін хабарлап отыр.
18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш — Ембі — Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.
Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық. Оқиға орнына жеті техника мен 15 маман жұмылдырылды.
Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониториң жұмыстарын жүргізіп жатыр.