Басты бетЖаңалықтар19 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

19 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, еліміздің басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылып тұрады, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, орталығында тұман, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейеді, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да