Басты бет Жаңалықтар Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды баяндады

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды баяндады

Фото: ТЖМ
Еліміздің әртүрлі өңірінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Астанада азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындықта. Қыс мезгілінің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері 7,4 миллионнан астам текше метр қар шығарды, 57 081 қума метр арық-науа желілері тазартылды. Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері ЖАО өкілдерімен бірлесіп, Нұра өзенінің қар полигонын және Ұлы Дала даңғылын тексерді, сонымен қатар қала шегіндегі Есіл өзенінің арнасы бойында айналма жол жүргізілді. Тасқын сулардың қауіпсіз өтуі бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен бірге көршілес өңірлерге жіберілетін күштер мен құралдар тобының дайындығы тексерілді.

Абай облысында қардың қалыптан тыс көп мөлшерінің түсуіне байланысты Үржар мен Мақаншы аудандарында жауын-шашын нормасының көрсеткіштері екі еседен астам асып түсті. Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін осы аудандарға ТЖД және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, олардың саны 75 адам және құтқару жабдығы бар тоғыз техника жіберілді.

Батыс Қазақстан облысында қар шығару, еріген суды сору, қапшықтарды толтыру және төсеу, сонымен қатар жару, мұз кесу және өзендерде мұз бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖМ құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің күшімен Бәйтерек ауданында, сонымен бірге Сырым және Қаратөбе аудандарында қапшықтарды толтыру және төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар өзендердегі су деңгейін тәулік бойы бақылауды жалғастырып жатыр.

Қостанай облысындағы Қостанай-2 шағынауданында су тасқынына қарсы штаб ашылды, ол су басқан жағдайда жағдайды мониториңдеу және жедел ден қою үшін үйлестіру орталығына айналады. Су тасқынына дайындық аясында құтқарушылар Полиция академиясының курсанттарымен бірлесіп көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізіліп жатыр. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың аула аумақтарындағы қарды тазартуға ерекше назар аударылды.

Павлодар облысында ықтимал қатерлерді анықтау үшін Баянауыл ауданына ТЖД мониторингтік тобы жіберілді, сонымен бірге «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттерінің техникалық жай-күйін тексеру үшін Бұқар Жырау ауданына шығу жоспарланған. Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендерді су тасқынынан қорғау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылды. Жұмыстар кешені жағалау сызығын нығайту үшін 1900 қапшықты дайындауды және төсеуді, 180 қума метрді полипропилен төсемдерімен нығайтуды қамтиды.

Exit mobile version