Басты бетЖаңалықтарАлматыда Наурыз мейрамына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Алматыда Наурыз мейрамына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Алматы көшелерінде бірнеше күнге көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Оған байланысты бұл күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтетін болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да