Басты бетЖаңалықтарАлматыда биыл 20 жаңа өндіріс жобасы іске қосылады

Алматыда биыл 20 жаңа өндіріс жобасы іске қосылады

Алматыда жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінде 20 жаңа жоба іске қосылады. Бұл туралы 24KZ арнасы хабарлап отыр.

Бұл 3 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, мегаполистің елдегі негізгі экономикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түсетіні айтылды.

2024 жылы негізгі капиталға инвестиция 8%-ке дейін өсті. Айтарлықтай бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған.

Жалпы, өндіріс өнімін Алматы индустриялық аймағы мен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының кәсіпорындары қамтамасыз етеді. 2025 жылы Алматының индустриалды аймағында 2 637 жұмыс орны ашылатын 132,5 миллиард теңгенің 15 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады, — деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әбілқайыр Аймұхамбет.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да