Басты бетЖаңалықтар18 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

18 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында, солтүстігінде, солтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да