Иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталған

Қытай Ғылым академиясының (ҚҒА) Куньминь зоологиялық институтының ғылыми қызметкері Ван Годунның айтуынша, адамның төрт аяқты досының пайда болу тарихын нақтылау үшін қытайлық ғалымдар тобы әлемнің түрлі аудандарында мекендейтін сұр түсті қасқырлар мен түрлі тұқымдағы иттердің генетикалық материалын жинауға екі жыл уақыт жұмсаған. Олардың арасында Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Африка және Солтүстік Америка бар.

ДНК нәтижелерін талдау негізінде ғалымдар иттерді қолға үйрету 33 мың жыл бұрын Шығыс Азияның оңтүстігінде басталғанын растап шықты. 15 мың жылға жуық уақыт бұрын иттер Орта Шығыста және Африкада және шамамен 10 мың жыл бұрын Еуропада пайда болған. Кейіннен бұл үй жануарлары иелерімен бірге Америкаға да қоныстанған.

ДереккөзҚазАқпарат