Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап, қаза болды. Бұл туралы Lada.kz хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде 33-ші ықшамаудандағы №19 үйдің маңында жедел жәрдем мен полиция көліктері бейнеленген видео жарияланды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның көпқабатты үйден құлап кеткенін нақтылап, өлім фактісін растады.
Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, — делінген ақпаратта.
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 16 наурыз күні сағат 00:43-те «биіктен құлау» туралы қоңырау түскенін хабарлап отыр.
Оқиға орнына бригада сағат 00:48-де жетті. Қоңыраудың диагнозы 66 жастағы ер адамның белгісіз себептермен қайтыс болуы. Ақпарат 102 қызметіне жіберілді, — делінген хабарламада.