Басты бетЖаңалықтарАлматыда азық-түлік бағасы көтерілгені үшін қанша айыппұл салынды?

Алматыда азық-түлік бағасы көтерілгені үшін қанша айыппұл салынды?

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жыл басынан бері қымбат азық-түлік өнімдеріне қанша айыппұл салынғанын хабарлап отыр.

«Форвардтық сатып алу» және «айналым қарызы» тетігін іске асыру аясында 1 мың тонна күріш (Asyl Dan Trade ЖШС), 1,8 мың тонна тауық еті («Алатау-құс» АҚ), 170 тонна сүт («Көкшетау Белогорье сүт зауыты» ЖШС), 86,4 миллион дана жұмыртқа («Сары-Бұлақ» АҚ) және 4,5 мың тонна қант («Көксу қант зауыты» ЖШС), 800 тонна тұз («Алтын Орда» ЖШС) отандық өндірушілермен белгіленген бағамен өнім жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) маусымаралық кезеңде Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облысының шаруаларымен 9 700 тонна өнімді төмендетілген бағамен жеткізу туралы «форвардтық» келісім жасалды. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан ерте пісетін көкөністерді жеткізу мәселесі қосымша қарастырылып жатыр.

Магнум сауда желісімен ӘМАТ-тың 11 түрі бойынша бағаларды белгілеу жөнінде келісім жасалды.

Атап айтқанда, жұмыртқа («Көгер LTD» ЖШС), тауық еті (Otan Green Food ЖШС), күріш («Қызылорда Құрылыс» ЖШС), көкөністер («Омаров» ШҚ). ӘМАТ бағасын бақылау және өнім бағасына қажетсіз делдалдардың әсерін болдырмау мақсатында Өңірлік комиссия мүшелері азық-түлік базарлары мен көкөніс павильондарына тұрақты мониториң жүргізіп келеді. 15%-дық сауда үстемесін сақтау және делдалдық тізбекті қысқарту жөнінде сауда нүктелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері бес отырыс өткізіліп, 119 ереже бұзу фактісі анықталды. 113 әкімшілік хаттама толтырылып, алты айыппұл салынды. 17 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да