Әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушілерінің бейнежазбасы тарады.
Желідегі бейнероликтерден мопед тізгіндеген бір топ жүргізушісінің бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін көруге болады. Тағы бір бейнежазбада мопед жүргізушілерінің тобы көлікпен кіруге тыйым салынған Арбат аймағында емін-еркін жүргені бейнеленген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматының полиция департаменті жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін ұсталғанын хабарлап отыр.
Оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 615, 620 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мопедтер арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді, — делінген хабарламада.
Одан бөлек Алматы полиция мопед жүргізушілеріне 5 сәуірге дейін тіркелу қажеттігін ескертті.