Басты бетЖаңалықтарЕлімізде мал ұрлығы екі айда 47,2%-ке төмендеді

Елімізде мал ұрлығы екі айда 47,2%-ке төмендеді

Кейінгі бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 37%-ке азайды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Сонымен қатар 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың екі айында бұл қылмыс түрі 47,2%-ке төмендеді. Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 фактісі тіркелсе, биыл — 152 факт тіркелген.

Қазіргі таңда «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Семей қаласынан 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асырған заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 дана құлақ жапсырмалары тәркіленді, — деп жазылған хабарламада.

Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан астам ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді. Ал Жетісу облысында еркін жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.

Барлық факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да