Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында уақытша өткелді су шайып кетті

Ақтөбе облысында уақытша өткелді су шайып кетті

Ақтөбе облысында Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді су шайып кетті. Жергілікті әкімдік еріген қар суының уақытша жолды шайып кеткенін растады.

Былтырғы су тасқыны кезінде көпірге зақым келген. Оның жөнделуіне байланысты тұрғындарға уақытша үйінді өткел салынған болатын.

Ауа райының күрт жылынуына байланысты еріген қар суы Ойыл өзеніне құйылып, судың деңгейі көтерілді. Соның салдарынан үйіндіден салынған өткелді су басты. Көлік қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде өткелді қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр, — дейді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Аудан басшысы барлық мүмкіндікті пайдаланып, бір тәуліктің ішінде көлік қозғалысын ашамыз деп отыр. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындардың өзен арқылы өтуіне жағдай жасалып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да