Басты бетЭкономикаҚазақстан медициналық...

Қазақстан медициналық сақтандыруға 80 млн доллар қарыз алады

Парламент қабырғасында өткен жиында мамандардың сақтандыруды сәтті іске асырған мемлекеттерден шақырылатыны белгілі болды. Ал қалған қаражат нақты қайда жаратылатыны белгісіз.

Бұл бастаманы бірауыздан қолдағандар көп болды деу қиын. Мысалы, сенатор Әли Бектаев, сол мамандардың білім-біліктілігін жетілдіру сияқты мәселелерге мемлекеттің бюджеті де жетеді, неліктен қарыз алуға құмармыз, деп, ашығын айтты.

«Қаржыны алдық па қарызға, соны ертең кәсіпорындарға немесе кәсіпкерлерге беруіміз керек. Арзан пайызбенен, мысалы. Ертең кәсіпкерлер соны қайтарады. Ары қарай сыртқы қарызды да қайтаруға мүмкіндік болады. Ал мынау беріліп отырған қарыз, бұл қайтпайды. Бұл ақша жаратылады. Болды»,- деді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.

Бұрынғы сәтсіз жобаны еске алған Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы бұдан сабақ алуымыз керек екенін айтты.

«Бұл өте күрделі жұмыс. Біздің тарапымыздан күшіміз жетпейді. Сондықтан шетелдік эксперттерді осы жұмысқа әкеліп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 90-шы жылдары міндетті медициналық сақтандыру қорының қандай болғанын. Белгілі себептермен ол әрі қарай жүрмей қалды. Сол кездегі кемшіліктерді болдырмау үшін, осындай дүниежүзілік тәжірибелерді дұрыстап қарап, жаңадан осы жүйелерді енгізейік деп отырмыз,- дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ жауапты хатшысы Болат Төкежанов.

ДереккөзAstanatv.kz