2025 жылғы 12 наурыздан 13 наурызға қараған түні Оралда еріген қар суы қалаішілік жолды басып қалды.
Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесі жөнелтілді.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Сарыарқа» шағынауданында қалың қар еріп, қала ішіндегі автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналған. Осының салдарынан екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.
Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Жағдай бақылауда. Түні бойы мотопомпалар көмегімен су айдауды жүргізілді, — делінген хабарламада.