Басты бетҚоғамЖеңіс күніне...

Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша теңгеден сыйақы беріледі?

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ардагерлерге жарты миллион теңгеден табыстамақ. Ал Астана мен Алматы билігі қала қазынасынан соғысқа қатысқан әр қарияға 150 мың теңгеден бөлген.

Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облысында тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 150 мың теңгеден алады.

Ақтөбелік ардагерлерге 100 мың теңге берілсе, қызылордалық қарияларға 180 мың теңгеден астам өтемақы берілмек.

Солтүстікқазақстандық соғыс ардагерлері бір реттік төлем ретінде 226 мың теңге алады.

Дереккөз31.kz