Алматыда заңсыз сауда нысандары сүріліп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әуезов ауданында мемлекет меншігіндегі жерлерде орналасқан 63 заңсыз сауда нысаны мен 28 күш өлшеуіш сүрілді.
Олардың ішінде Жұбанов және Момышұлы көшелерінде самса, пицца және чебурек сататын төрт дүңгіршек бар, — делінген хабарламада.
4 ақпаннан бері Алматыда 300-ден астам заңсыз сауда нысаны және 200 ден астам күш өлшеуіш сүрілді. Бұл жұмыс 15 наурызға дейін жалғасады.