Басты бет Жаңалықтар Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
2025 жылғы 11 наурыз сағат 8:00 жағдай бойынша бес облыстағы бес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Ақмола облысы:

  • «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Жақсы ауылы).

Қарағанды облысы:

  • «Астана-Караганда-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).

Қостанай облысы:

  • «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасы-Арқалық қаласы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы).

Ұлытау облысы:

  • «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы-Қостанай облысы шекарасы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 техника мен 1770 маман жұмылдырылды.

Exit mobile version