Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Қарағанды облысында қар құрсауында қалған бес адам құтқарылғанын хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәлметінше, Қарағанды облысы Қарағайлы ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған бес азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болған.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, адамдарды Қарағайлы ауылына аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек керек болмады, — делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.