Басты бетКедей болып...

Кедей болып қалудың 10 тәсілі

Өзіңе қатты аяушылық таныту

Кедейлікке бейім адам өзін-өзі аяп, бай болу тағдырыма жазылмаған деп есептейді. Кейбіреулер әйел болып туылғанына өкінеді (өйткені, еркектердің мүмкіндіктері көп деп есептейді), енді біреулер семіздігі үшін өкінеді (өйткені, арық адамдар жақсы жұмыс орындарын иеленеді деп ойлайды), біреу өзінің бойын ұнатпаса, біреу ұлтын, терісінің түсін жақтырмайды, енді біреулер әлі күнге тұрмысқа шықпағаны немесе үйленбегені үшін өзін аяса, енді біреулер саусағына салынған сақина үшін немесе ажырасқаны үшін өзін аяйды, жастар қиындықтың көзін тәжірибесіздіктен көрсе, үлкендер жақындай түскен қарттықтан табады. Қалай ойлайсыз, егер адам өзін қандай да бір болмашы дүние үшін аяйтын болса, күні бойына соны ғана ойлап қиналса, оны қоршаған адамдардың іс-қимылы қандай болмақ? Өзіңді аяу – өсіп-өну жолына қойылған қақпан және ол мәңгілік кедейлікті қамтамасыз етеді. Өзіңді аяу – ең төмен жалақы төлетені жұмыс табудың және мүсәпір болудың ең оңай тісілі.

Сараңдық

Үнемі «Жеңілдік» деген жазуы бар дүкендерді іздеп, «Жаппай сатылымды» күту, балаларының жақсы білімі үшін ақы төлеуді қаламау (өйткені, уақытында сізге ешкім көмектеспеген), өз фирмаңыздың қызметкерлерінен барынша аз ақшаға мейлінше көп жұмыс істеуді талап ету – кедей адамдардың бойынан табылатын екінші әдет.  Барынша үнемдеуге тырысу – ақылдылықтың белігіс емес, бұл кіріс пен шығыстың есебіне жете алмай, қиындықты шешу жолын дұрыс  таңдамаудың айғағы. Байлыққа бейім адамдар кез келген затқа өзінің нақты бағасын беруге даяр және өз көмекшілерінің еңбегін жомарттықпен бағалап, өзгелерден де соны күтеді. 

Өзінің жек көретін ісімен айналысу

Гүлжан ыдыс жуғанды жек көреді, бірақ оған көмектесетін ешкім жоқ. Талғат тоқсандық есепті жасауға келгенде шашы тік тұрады, бірақ өзінің орнына бір көмекшісі де бұл тірлікті істей алмайды. Марат аудитордың жұмысын жек көреді, бірақ тек осы жұмысты істеп қана көлігінің несиесінен құтыла алады. Бұл адамдардың барлығы кедейлікке бейім – оның себебі жақпайтын жұмысты істеудің қажеттілігін сезіндіретін сезім болып табылады. Кедейлікке бейім адамдарды үшінші әдеттен құтқару кілті  қайда дейсіз ғой? Қажет деп тапқан жұмыспен емес, өзіңе ұнайтын тірлікпен айналысу қажет. Тек осы салада ғана Сіз керемет нәтижеге қол жеткізе аласыз!

Сәттілікті ақшамен өлшеу

Кедей адам белгілі бір ақшаға қол жеткізсе, қуанатынын біледі. Шотында жатқан ақша сәнді киім, әдемі үй, саяхатқа шығу, тәуелсіз болу мүмкіндіктерін сыйлайды дейді. Бірақ шын мәнінде ол да бақыт әкелмейтінін өмір талай рет дәлелдеген. Сәтті адам бақытты теңге, доллар, евродан бөлек бірліктермен есептейді. Қандай екенін әркім өзі біледі. 

Мүмкіндігің жетпейтін ақшаны жұмсау

Несие карталары мен күліп қарсы алатын банк қызметкерлері қарыздың қақпанына оп-оңай түсіреді. Өйткені сәтті болуды қаламайтын адам өз бизнесін дамытуға арналған пайдалы несие мен керемет шетелдік көлік немесе салтанатты үй алуға арналған тақырға отырғызатын несиенің айырмашылығын түсінгісі келмейді.

Бірден байып кетуді таңдау

Бірден және барынша көп пайда табу – кедейлердің қанына сіңген қасиет.  Олар орташа жалақымен салиқалы мекемеге жұмысқа орналасып,  біраз уақыттан соң жақсы жетістікке жететінін ойламастан, келесі айда алатын айлығын есептейді. Сәтсіздікпен жолдас болатын студенттер «институтта бекер уақыт өткізіп жүрміз, бұл уақытта жұмыс істеп, талай ақша табуға болатын еді» деп есептейді.

кедейҚыңқылдау

Өмір қиын ба? Өте ауыр ғой? Айналаның бәрі кемсітушілік, сыбайлас жемқорлық, арсыздық, қылмыс – сіз сияқты тәп-тәуір адамның сәттілік жолы жабық па? Осының барлығымен әрбір сәтсіз адам келіседі. Бұл әдетке қарсы вакцина – жасаппаз, шығармаға бейімделу, өнерпаз болу. Қоршаған ортаның қиындығымен күресетін ерекше мүмкіндіктер тауып, о бастан сіз үшін сәтсіз көрінген жағдайдан жеңімпаз болып шығыңыз!

Өзіңді өзгелермен салыстыру

Өзгелермен өзін салыстыру – сәтсіз адамдардан айрылмайтын қасиет. Бұл қызығушылықтан бастау алып, іштарлыққа ұласып, кедейлікке соқтыратын әдет. 

Байлықты ақшамен есептеу

Шын бай адамдар бақыт пен байлықтың ара-жігіт мәңгілікке үзіп қоймай, шоттың есебі мен байлық түсінігінің тепе-теңдігі дегенді үзіп тастаған. Нағыз байлық – ақшаны шақыра білу, оны жоқ жерден табу, бизнестің жаңа түрлерін ұйымдастыру. Нағыз бай адам қаптагы алтынының салмағына тәуелді емес.

Өзіңді өз отбасыңнан алыстату

Өз отбасынан «маған көмектеспеді, қарызға ақша бермеді, түсінбеді» деген сынды сылтаулармен қашқандардан тамаша бейбақтар шығады. Олар отбасының құдіретін түсінбейтіндер. Отбасы бар адам шын бақыттың иесі екенін білмейтін шын кедейлер болса керек.