«Астана Моторс» компаниясы мен Оңтүстік Корея Республикасының Youngsan автокомпоненттер өндірушісі Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосты. Локализацияның бірінші кезеңінде ортақ инвестиция көлемі 4 млрд теңге болды. Бұл туралы «Астана Моторс» баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін, 7 наурызда «Астана Моторс» жаңа зауытында автокөлікке арналған орындықтардың жаппай өндірісі басталғанын ресми хабарлады. Almaty Autoparts Production компаниясының ашылу салтанатына индустрия және құрылыс министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасы Азамат Панбаев, Youngsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов қатысты.
2024 жылғы желтоқсанда компания орындықтарға арналған көбікті қалып-пішіндердің сынама партиясын шығарып, сертификациялап, өнімдерді Hyundai жеңіл автокөліктер өндірісіне жеткізу үшін Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея Республикасы) келісімін алды.
Халықаралық стандарт талаптары мен қызметкерлердің білік деңгейінің сәйкес екені расталған соң, кәсіпорын орындықтарды өндіру бойынша технологиялық операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекетпен келісімге отырды.
Осылай, «Астана Моторс» өндіруші ретінде нарықтағы орнын нығайту үстінде. Біз Мемлекет басшысына, Қазақстан Үкіметіне және Алматы қаласының әкімдігіне өнеркәсіп саласына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз.Президент ел экономикасын дамытудағы жеке инвесторлардың маңызды рөліне тоқтап, кәсіпорындарға жұмыс орындарын сақтау және өндірісті жаңғырту бойынша көңілге қонымды міндеттемелер жүктелуі тиіс екенін атап өтті. Біз мойнымызға алған міндеттеріміз алдындағы жауапкершілікті толықтай сезінеміз. Осы мақсаттасыртқы факторларға тәуелділікті азайту, автокөлік өнеркәсібінде білікті инженерлер буынын дайындау, сонымен бірге шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу үшін автокомпоненттер мен шикізат өңдеудің қомақты үлесін локализациялауға қарай бағыт алып келеміз. Біз сондай-ақ Youngsan компаниясына бізге артқан сенімі, бөліскен технологиясы және тәжірибесі үшін алғыс айтып, ынтымақтастығымыздың табысты болатынына сенеміз, — деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Youngsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом «Астана Моторс» компаниясына «Қазақстан өндірісінің жарқын болашағанына сенім артып, күш-жігердің арқасында ынтымақтастық пен дамуға жол ашқан мүмкіндіктер үшін» алғыс айтты.
Біз «Астана Моторс» пен Youngsan арасындағы бекем байланысқа негізделген бастамаларымыздың нәтижесін көріп отырмыз. Бұл тек алғашқы қадам ғана. Әлемде және ТМД аймағындағы автокөлікөнеркәсібіндегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып, біз осы бағытта үнемі жұмыс істейтін боламыз. Бізге автокөлік саласын дамыту жолында қажетті инфрақұрылым мен басқа да көптеген салалар бойынша Қазақстан үкіметі тарапынан тұрақты қолдау қажет екенін атап өткім келеді. Мен сондай-ақ біздің зауыттағы барлық жас инженерлерді көргеніме қуаныштымын. Бұл инженерлер – Қазақстан өндірісінің болашағы!, — деп атап өтті Youngsan төрағасы Пак Чон Бом.
Зауыттың өндіріс қуаты жылына 100 мың орындық жинағына тең. Өнеркәсіп Hyundai Trans Kazakhstan зауытында ұсақ түйінді өндірісі арқылы Hyundai Tucson моделіне арналған орындықтарды шығаруды бастады. Жақын арада зауыт Hyundai Santa Fe моделіне арналған орындық өндіреді.
Болашақта Almaty Autoparts Production өз өнімдерін жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытына (ашылуы 2025 жылғы 2-тоқсан), басқа да автокөлік кәсіпорындарына жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда «Астана Моторс» Қытай Халық Республикасының Chery Automobile және Great Wall Motor Company (GWM) компанияларымен Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында Chery Tiggo 2 Pro, Haval Jolion, Tank 300 модельдерінөндіруде Almaty Autoparts Production автокомпоненттерін пайдалану туралы келісімдерге қол жеткізді.
Almaty Autoparts Propduction кәсіпорнының мамандары көбікті қалып-пішіндерді өндірудің технологиялық операцияларын меңгерді. 2026 жылы зауыт жеткізілетін шикізаттан орындық қаптамасын тігу бойынша локализацияның екінші кезеңіне шығады. Кәсіпорын тігін цехын ашып, оны жабдықтауға және кадрларды оқытуға қосымша 720 миллион теңге инвестиция жұмсауды көздеп отыр.
Аумағы 4850 ш.м. құрайтын Almaty Autoparts Production зауытының өндірістік алаңында көбіктіполиуретанды (қалып-пішін) бұйымдарын шығару бойынша автоматтандырылған желі орнатылып, жұмысын бастады. Өндіріс құрал-жабдықтары Корея Республикасынан жеткізілген. Аталған желіде құйғыш робот, конвейер желісі, жылыту қондырғылары бар қалып пішіндер, айналмалы вакуумды крашер орналасқан.
Орындық өндірісінде зауыт Корея Республикасынан әкелінген құрал-жабдықтар, шикізат пен жиынтықтар, көбікті қалып-пішіндерді өндіруге арналған сұйық және салынбалы элементтер, жақтаулар, орындық қаптамалары, пластикалық бөлшектер сияқты компоненттер қолданады.
Қазіргі уақытта зауытта 65 жұмысшы қызмет атқарады. Кәсіпорын дамуының екінші кезеңінде орындық қаптау цехы іске қосылған соң Almaty Autoparts Production жұмысшыларының саны 95 адамға дейін өседі. Компания қызметкерлері Youngsan компаниясының тәжірибелі мамандарынан білім алып, кореялық инженерлермен бірге жабдықтарды қондыру және баптау жұмыстарына қатысты.
Бір айта кетерлігі, «Астана Моторс» Алматының Индустриалды аймағында автокөлік кластерін, атап айтқанда Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыттарын, логистикалық хаб пен автокомпоненттер шығаратын технопарк құрды.
«Астана Моторс» өндірісті кеңейту, сонымен бірге автокөліктер мен автокомпоненттерді локализациялауды ұлғайту жұмыстарынжалғастырады. Атап айтқанда, «Астана Моторс» жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерін, бәсеңдеткішті (түтін шығару жүйесі), еден төсеніштерін шығаруды жоспарлап отыр.