7 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша жеті облыстағы жеті республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
Ақмола облысында «Астана-Қарағанда-Алматы» автожолының 1291-1353 шақ., (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Абай облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).
Атырау облысында «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақ., (Атырау қаласы—Махамбет ауылы дейін).
Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).
Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы:
- 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін.
- 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін.
- 1505-1610 шақ., Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.
Қостанай облысында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақ., (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Ұлытау облысында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы:
- 137-252 км, Ұлытау ауылы—Қостанай облысының шекарасы;
- 37-137 км, Сәтбаев қаласы—Ұлытау ауылы.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.