Басты бетЖаңалықтарБүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7 наурызға арналған ел аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды табиғи құбылыстар белең алады.

Елдегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да