Басты бетЖаңалықтар6 наурыз күні тоғыз өңірде дабыл жүйесі қосылады

6 наурыз күні тоғыз өңірде дабыл жүйесі қосылады

6 наурызда тоғыз өңірде сағат 11.00-де дабыл жүйесі қосылады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді, — делінген хабарламада.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің тоғыз өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, — делінген ТЖМ хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да