Басты бетЖаңалықтарАлматыда 290 заңсыз сауда нысаны бұзылды

Алматыда 290 заңсыз сауда нысаны бұзылды

Алматыда заңсыз сауда нысандарын бұзу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мониториң барысында 500-ге жуық заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысаны анықталды.

4 ақпаннан бастап көше саудасы нысандарын бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 290 сүрілді. Қалған 210-ы 15 наурызға дейін бүзылады. Коммуналдық қызметтер бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратады.

Сонымен қатар осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (силомерлер) жойылды. Бұған қоса, қалада жер учаскелеріне мықтап бекітілген 32 күрделі құрылыс анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде бұзуды ұйымдастыру мақсатында сотқа талап-арыз жіберуге бастамашылық жасады, – делінген хабарламада.

Заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын анықтау және оларды бұзу жұмыстарын Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен аудан әкімдіктері жүргізеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да