Басты бет Жаңалықтар Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 4 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.

ҚР батысында жауын-шашын, жаңбыр мен қар түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.

Exit mobile version