«ҚазАвтоЖол» Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлап отыр.
2025 жылғы 24 ақпан сағат 09:00 жағдай бойынша бір облыстағы бір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жетісу облысы:
- «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы-Достық станциясы).
Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 715 арнайы техника мен 1751 маман жұмылдырылды.