Басты бет / Жаңалықтар /
f82755aa96d4a289bc34a71c8403e0be Семейде соққыға жығылған оқушы жаңа баспанаға ие болды
Видео скрині

Семейде соққыға жығылған оқушы жаңа баспанаға ие болды

Семейде соққыға жығылған Әлинұрға Қазақстан азаматтары 35 миллион теңге жинап, үй алып берді. Бұл туралы ерікті Динара Садырбаева әлеуметтік желіде видео жариялады. 

Оның айтуынша, Әлинұрға 35 миллион теңге жиналып, отбасына төрт бөлмелі пәтер берілген.

Кілтті алдық, енді Әлинұрдың өзінің шаңырағы бар. Пәтерге орналасып, бақытты өмір кешеді, — деп жазды ерікті.

Естеріңізге салайық, Семейде 2025 жылғы ақпан айында болған оқиға қоғамның назарын аударды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бір топ жасөспірімнің 6-класс оқушысын аяусыз ұрып-соғып, қорлағаны көрінеді. Кадрларда олар баланы теуіп, басынан ұрып, үстіне секіріп, күліп, оның бетінен ұруға шақырған дауыстар естіледі. Бұған ұлдар да, қыздар да қатысқан.

Оқиғадан кейін мектеп директоры жұмыстан қуылды. Ұрған балалар арнайы мектепке жіберілуі мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram